Теннис • 15 Маусым, 2021

Теннисшілеріміз жарысты жеңіспен бастады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің Париждегі «Ролан Гаррос» додасы аяқталған бетте әлемнің бірқатар мемлекеттерінде басқа да турнирлердің шымылдығы түрілді, деп жазады Egemen.kz.

 

Теннисшілеріміз жарысты жеңіспен бастады

Берлинде жүлде қоры 456 073 евроны құрайтын жарыста Елена Рыбакина өнер көрсетуде. WTA рейтингінде 21-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы, өзінің тұсаукесер кездесуінде америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты. АҚШ теннисшісі үздіктер тізімінде 47-сатыға жайғасқан. 1 сағат 44 минутке созылған бұл тартыс Рыбакинаның пайдасына шешілді. 

Әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик жүлде қоры 1,2 миллион евродан асатын Лондондағы турнирде күш сынасуда. Ол АТР рейтингінде 61-орынды еншілеп отырған франциялық Жереми Шардимен шеберлік байқасты. Бұл матчта жерлесіміз 6:4, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Келесі кезеңде Бублик Ұлыбританияның өкілі Джек Дрейпермен сайысады.

Чехиядағы «Челленджер» додасында қазақстандық Александр Недовесов және португалиялық Гонсало Оливейра жұбы екі сеттік сайыста корт қожайындары – Эндрю Паулсон мен Партик Риклден айласын асырды – 6:4, 6:3.   

Соңғы жаңалықтар