Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл дерек 15 маусымда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықталған.
«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Оған Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен 2016 жылғы 1 қаңтарда Қылмыстық Кодекстің 223-бабының 2-бөлігімен (шетелге заңсыз шығу немесе Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру) қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Қазір шетелдік азаматты Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.