Аймақтар • 16 Маусым, 2021

Атырауда алаяқ 3 жыл бойы 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады

1332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 20 жасар алаяқтың 3 жылға бас бостандығы шектелді.  Енді ол 3 жыл бойы жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда алаяқ 3 жыл бойы 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қалалық  басқарманың кезекші бөліміне Е. есімді тұрғын шағым түсірген.

«Шағымданушы интернет желісі арқылы белгісіз адамның жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өзінің ақшасын иеленіп, қайтармағаны жөнінде айтқан. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігі, 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді. Бірнеше мекемеге сұраныс хаттар жолданды. Іздеу шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Күдіктінің бұл бірінші құрбаны емес екен. Ол ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында «Telegram» әлеуметтік желісіне жұмысқа орналастырып беремін деп жарнама шығарған. «WhatsApp» әлеуметтік желісінің «статус» бөліміне «вакансия» деп көрсетіп қойған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу нәтижесімен іс сотқа жолданды. Ал, сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан шектеліп, жыл сайынғы 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасы тағайындалды.