Оқиға 16 маусымда күндіз болды. FlyArystan әуе кемесінің ұшағы қайтып келді. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіндегілер растады.
«А320 ұшағы сағат 14.34-те Алматы әуежайына ұшып шықты. Алайда кейінірек техникалық себептерге байланысты борт Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға оралды. Әуе кемесі ауыстырылады. Қайта ұшу 19.10-ға жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтер бойынша рейс 23.40-қа дейін шегерілді», деді әуежай өкілдері.