Футбол • 16 Маусым, 2021

Бүгін Еуропа чемпионатының екінші туры басталады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 маусымнан 17 маусымға қараған түні 2020 жылғы Еуропа чемпионатының 2-турының алғашқы матчтары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Еуропа чемпионатының екінші туры басталады

2-ші тур ойындарын Санкт-Петербургте Финляндия мен Ресей құрамалары бастап беретін болады. Бұл ойында Ресесй құрамасы плей-оффқа шығатын мүмкіндікті сақтап қалу үшін барын салады. Егер үш ұпайлы Финляндия футболшылары иеленсе, 1/8 финалға шыққан бірінші команда атанады.  Финляндия - Ресей матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады.

Сондай-ақ Италиядан жеңілген Түркия құрамасы Уэльспен кездеседі. Түркияның бүл жолғы қарсыласы бірінші турда Швейцариямен тең ойнады.  Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы матя сағат 21:50-де басталады.

А тобындағы тағы бір кездесу Италия мен Швейцария құрамалары арасында өтеді. Тартыст бәсекеде италиялықтар плей-офф тағдырын шешіп тастауы әбден мүмкін. Римде болатын ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:50-де басталады.