Футбол • 16 Маусым, 2021

EURO-2020: Ресей турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуро-2020 турнирінің екінші турында Ресей құрамасы Финляндияны жеңіп, байрақты додадағы алғашқы үш ұпайын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020: Ресей турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Матч тағдырын бірінші тайм аяқталар тұста жартылай қорғаушы Алексей Миранчук салған гол шешіп кетті.

Жалпы, кездесу тартысты басталған. Ойынның үшінші минутында шабуылшы Похьянпало Ресей қақпасын дәл көздеген еді. Алайда ВАР-дың көмегіне жүгінген төрешілер оның алдында офсайд болғанын анықтап, голды есепке алған жоқ.

Бірінші тайм соңына төреші 6 минут қосқан еді. Қосымша уақыттың екінші минуты өтіп жатқанда Артем Дзюбаның баспен берген добын Алексей Миранчук қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты.

Екінші таймда да бірнеше қауіпті сәт болғанымен бұдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша, Ресей турнирдегі алғашқы ұпайын иеленіп, В тобында екінші орынға көтерілді.

Топ басында үш ұпаймен Бельгия құрамасы тұр. Айта кетерлігі, ертең 22:00-де Бельгия мен Дания құрамалары шеберлік байқасады.

Финляндия – Ресей 0:1

Гол соққан:

0:1 – 45+2 Миранчук.

Финляндия – Градецки, Уронен, Араюури, О`Шонесси, Райтала (Сойри, 75), Шюллер (Кауко, 67), Камара, Луд, Тойвио (Йенсен, 84), Похьянпало, Пукки (Лаппалайнен, 75).

Ресей – Сафонов, Джикия, Дивеев, Фернандес (Караваев, 26), Кузяев, Зобнин, Баринов, Головин, Оздоев (Жемалетдинов, 61), Миранчук (Мухин, 85), Дзюба (Соболев, 85).

Ескерту алғандар:

Камара (22), Баринов (27), Оздоев (34), Джикия (88), О`Шонесси (90).