Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Рухани туризм – жаңғырудың жолы

972 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған басым бағыттардың бірі – еліміздің туристік әлеуетін аттыру жайы. Осы орайда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы қолға алынып, көптеген игі іс атқарылды.

Рухани туризм – жаңғырудың жолы

Атап айтқанда, жоғарыдағы жоба аясында соңғы төрт жыл ішінде өңірлерде 4 млн-нан астам адамды қамтыған 14 802 іс-ша­ра өткізіліп, жалпыұлттық ма­­­­ңызға ие 781 киелі орынның (жал­­пыұлттық маңызы бар 206, жер­гілікті маңызға ие 575 нысан) тізімі анықталумен қатар, Қазақ­станның киелі жерлерінің интерактивті картасы әзірленіп, іске қосылыпты.

Бүгінгі таңда жалпыұлттық және жергілікті нысандар бойынша киелі орындар тізімі негізінде 253 туристік бағыттар мен турлар, сондай-ақ киелі нысандар бойынша 128 археологиялық экспедиция әзірленсе, бұл шаралар ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беріп отыр екен.

Осы орайда республикалық маңызы бар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Шоқай датқа, Бекет ата жерасты мешіті, Сисем ата қо­­рымының нысандары, ортаға­сыр­лық Сарайшық қала­шы­ғы, Ежелгі Тараз, Түр­кістан, Отырар, Сауран, Ақыртас сәулет-архео­логиялық кешені, Абай Құнан­байұлының мемориалдық кешені қатарлы 71 тарихи-мәдени ес­керт­кішке ғылыми-рестав­ра­ция­­­лау жұмыстары жүргізілсе, осы уақыт ішінде еліміздің киелі бел­­деуін насихаттау мақсатында BBC World News телеарнасы дайындаған «Қазақстанның киелі  жерлерінің географиясы», «Алтын жауынгер», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі кесенелері», «Күлтегін. Жаңа көзқарас», аме­рикалық Castlefilm компаниясы актер Марк Дакаскостың қатысуымен жасаған «Көш­пенділер жері» фильмі көрер­менге жол тартты. Бұл туынды­лар БҰҰ-ның негізгі алты ті­лін­де субтитрлі дуб­ляж­бен жабдықталды. Сондай-ақ бұл туындыларды әлемге танымал Discovery, Viasat history, National Geographic телеарналары арқылы дүние жүзінің 700 млн-нан астам адамы тамашалады. Сонымен қатар Қазақстанның киелі нысандарын насихаттау мақ­сатында 2GIS электронды кар­тасына 71 киелі нысан ен­гі­зі­­ліпті.

«Сонымен қатар бағдар­ла­ма­ны іске асыру мақсатында жыл сайын шамамен 12 млн адамды қам­тыған 93 мыңнан астам іс-шара өткізілсе, 2020 жылы «Туған жер» жобасы аясында 52 260 іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 млн адам қамтылып отыр», дейді сала ма­мандары.

«Рухани жаңғыру» Қазақ­стан­дық қоғамдық даму инс­ти­­­туты қызметкерлері жол­да­ған мә­ліметке жүгін­сек, бағ­дар­­­­­ла­ма­лық іс-шаралар осы­мен то­қы­рап қалмай­ды, алда­ғы уа­қыт­­та да жү­йелі түр­де жал­­ға­сады. Ай­та­­лық Қа­зақ­стан Рес­пуб­­ли­касы Үкіме­тінің 2021 жылғы 9 ақпан­­­дағы №50 қау­лы­сы­мен «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сын ұлт­тық жаңғыру кезеңіне кө­ші­ру жөнінде шешім қабыл­­д­а­нып, биыл­ғы жылға ар­нал­ған жол картасы әзірленіп бе­кі­тілген.

Бұл бағыт бойынша «Туған елің – Қазақстаныңды білесің бе?» атты республикалық оқырман балалар байқауы, кәсіптік жұмыс­тар­ды насихаттауға бағыт­талған WorldSkills Kazakhstan ұлт­тық чемпионаты, «Оnline мек­теп» жобасы, «Арамыздағы ба­тыр­лар», «Аңыз дәрігер» атты жобалардың сыртында, Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғы аясында «Мерейлі отбасы» конкурс жеңімпаздарының қатысуымен «Ана – тіршіліктің нұры» форумы, tylek.kz сайты ар­қылы оқушылар арасында туған өңі­рін қолдауға бағытталған іс-ша­ра­лар, сондай-ақ, Ulttyq tárbıe және Ruh vision атты ке­шенді жоспарлармен қатар «Дәс­түр мен ғұрып» жобасы ая­сын­­да тың істер ат­қарылмақ. Бұйырса, Елбасы ұсынған бағ­дар­лама ал­да­ғы жылдары да өз жемісін бері сөзсіз.