Мемлекет билігі КВИ пандемиясының үшінші толқынына қарсы тұру мақсатында осындай амал қолдануда. Соңғы екі аптада инфекциялардың екі есеге өсуіне байланысты, ОАР комендаттық сағатты 22.00-ден 04.00-ге дейін ұзартып, алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуда. Мейрамханалар мен дәмханалар комендаттық сағатқа дейін 1 сағат бұрын жабылуы тиіс.
Ғимараттардың ішінде 50 адамнан, сыртта 100 адамнан асатын адамдардың топтарының жиналуына тыйым салынады. Елде вакцинация кампаниясы жүргізілгенімен, екпе алғандардың саны төмен деңгейде.