Аймақтар • 17 Маусым, 2021

Алматылықтардың коронавирусқа қарсы иммунитеті – 23 пайыз

25 рет көрсетілді

Алматы тұрғындарында коронавирустық індет кезінде КВИ-19 иммундық қабаты қалыптасқан. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мегаполис тұрғындарының 23%-ы коронавирусқа қарсы иммунитетке ие, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде коронавирустан қорғалған қала тұрғындарының 23%-ның 18%-ы вакцина алды. Ал 5%-ы ауырып жазылған адамдар.

Ж. Бекшиннің айтуынша, мегаполисті қалыпты өмірге қайта оралуы үшін алматылықтарға  белсенді түрде екпе алу, қоғамдағы шектеу шараларын қатаң сақтау қажет.

«Әлемде КВИ ауруы мен өлімі қайтадан өсіп келе жатқан Еуропа мен Ресейге енген «Үнді» мен COVID-19 вирусының басқа мутацияларының таралуына байланысты қауіп күн сайын артуда. Біздің міндетіміз халықты вакцинаға ынталандыру», деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетсек, 16 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 357 299 адам вакцина алды. Бұл қала тұрғындарының 18%-ын құрайды.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Кабулда жарылыс болды

Оқиға • Бүгін, 17:08

Отандық фильмдердің үлесі артады

Қазақстан • Бүгін, 16:20

Алматыда бақылау күшейтілді

Коронавирус • Бүгін, 14:08

Ақша емес, абырой қымбат

Бокс • Бүгін, 13:04

Күршім өзені де ластана бастады

Экология • Бүгін, 12:38

Тіліксіз ота жасалды

Медицина • Бүгін, 12:20

Ұқсас жаңалықтар