
«Қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді», деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында.