Алайда Stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Шын мәнінде бұл сюжет былтыр жаз мезгілінде, 18 маусымда жарияланған.
Роликте айтылған ақпарат бүгінде өзекті емес. Елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқандықтан, алдағы уақытта карантин шараларын қатаңдату жоспарланбаған.
«Қазақстандағы жағдай тұрақты және бүгінде карантин шараларын қатаңдату мәселелері көтерілген жоқ», деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.