Әлем • 17 Маусым, 2021

Үндістанда «жасыл зең» ауруының алғашқы жағдайы тіркелді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда «жасыл зең» ауруының алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда «жасыл зең» ауруының алғашқы жағдайы тіркелді

Үндістанның Индордағы Мадхья-Прадеш штатында COVID-19-дан емделіп шыққан 34 жастағы науқасқа саңырауқұлақ инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды. Бұл туралы Шри Ауробиндо медициналық ғылымдар институтының докторы Рави Дози айтты.

«Науқастың өкпесінде жасыл саңырауқұлақ түріндегі инфекция (Aspergillus тұқымдас саңырауқұлақ) анықталды. Бұл елдегі алғашқы жағдайы», деді дәрігер.