Ел және Елбасы • 17 Маусым, 2021

Тұңғыш Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.

Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.