Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан қай орында?

1908 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан қай орында?

IMD рейтингі – келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». 2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Швейцария ие. Үздік 5 елге Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур кіреді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы өткен жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді. Қазақстан Португалия (36 орын), Индонезия (37 орын), Латвия (38 орын), Испания (39 орын), Словения (40 орын), Үндістан (43 орын), Ресей (45 орын), Түркия (51 орын) сияқты елдерден алда келеді.

Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21 орынға тұрақтады. Жақсару барлық 5 субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі, атап айтсақ: «Мемлекеттік қаржы» – 19 орын, «Салық саясаты» – 5 орын, «Институционалдық орта» – 46 орын, «Бизнес туралы заңнама» – 25 орын және «Қоғамдық құрылыс» – 29 орын.

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позициясының 6 тармаққа – 28 орынға дейін жақсарғаны байқалады. Осы фактор аясында 4 субфактор бойынша көрсеткіштер жақсарды. Қазақстанның «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша позициясы – 20 орын, «Қаржы» – 46 орын, «Менеджмент практикасы» – 13 орын, «Қатынастар мен құндылықтар» – 23 орын.

«Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан үш позицияға көтеріліп, 45-орынға ие болды. Жақсару барлық бес субфактор бойынша позициялардың артуымен түсіндіріледі: «Ішкі экономика» – 37-орын, «Халықаралық сауда» – 58-орын, «Сыртқы инвестициялар» – 47-орын, «Жұмыспен қамту» – 24-орын және «Бағалар» – 13-орын.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойынша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсетті: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын, «Ғылыми инфрақұрылым» – 57-орын, «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын.

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасы экономикасының неғұрлым тартымды бес факторының қатарына қолайлы бизнес-орта (респонденттердің 60%-ы), экономиканың серпінділігі (46,4%), қаржылық жағдайға қолжетімділік, саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы (42,7%) және салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жатады (40,9%).

Бұған дейін Boston Consulting Group Sustainable Economic Development Assessment 2021 (08.06.2021 ж) жаңартылған зерттеуі шеңберінде Қазақстан экономикасының экономикалық орнықтылық, инфрақұрылым сапасы, мемлекеттік институттар мен қызметтер сияқты көрсеткіштері бойынша бағалауын арттырды.

Соңғы жаңалықтар