Оқиға • 18 Маусым, 2021

Мысырдан жүк тікелей келетін болды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғаш рет Солтүстік-Шығыс Африкадан (Мысыр) Қазақстанға (Қостанай стансасы) құрылыс материалдары тиелген 40 футтық алты контейнер келді. Жөнелту жұмыстарын «КTZ Express» АҚ филиалы халықаралық СМА CGM теңіз желі­сімен бірлесе ұйым­дас­тырды.

Мысырдан жүк тікелей келетін болды

Жүк мысырлық Алек­сан­дрия портынан грузиялық Поти портына дейін теңіз ар­қы­лы жөнелтілді. Одан әрі қарай теміржолшылар жүк­тің жеткізілімін Транс­кас­пий­лік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ұйымдастырды. Жолдағы уақыт 25 күнді құрады.

Бұдан бұрын жүктер Африка елінен ресейлік порттар арқылы жеткізіліп келген еді. «KTZ Express» АҚ бәсекеге қабілетті баға мен сапалы сервисті ұсына отырып, клиентті ТХКБ бағдарына тарта алды. Бұл атаулы оқиға Еуразия құрлығы мен Африка арасындағы халықаралық дәлізде жүк ағынын ұлғайту үшін тың мүмкіндіктер ашты.

Қазіргі кезде «KTZ Express» АҚ басшылығы мен Мысыр Араб Республикасы елші­­лі­гінің өкілдерімен атал­ған бағдарда жүк ағынын ұлғайту және тасымалды да­мыту бойынша жұмыстар жүр­гізілуде. Мысырдың ірі порттары Африка елдері үшін қақпа ретінде қарастырылып отыр.