Спорт • 18 Маусым, 2021

Хабиб Головкинге бірнеше кеңес берді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы болған Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы баспасөз жиыны кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туралы пікірін айтып, Сауль Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеспеуге кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хабиб Головкинге бірнеше кеңес берді

«Генамен таныспын. Бір мәрте кездестік. Әлемдік деңгейдегі боксшы, оның жекпе-жектерін бақылап жүремін. Енді бір жекпе-жек өткізіп, ақша жинап алу керек. Содан соң карьерасын аяқтауға болады. Бұл менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқан соң мұндай спортпен айналысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бокс - аралас жекпе-жекке қарағанда жарақаты көп спорт. Иә, аралас жекпе-жекте буыннан көп жарақат аласың. Бірақ бокста басың сау болмайды. Мен оның орнында болғанда блогерлерді сабайтын едім. Қазір «Канело» секілді жалындап тұрған жастармен жұдырықтасудың қажеті жоқ», деді Хабиб.

Айта кетейік, 18 маусымда «Алматы Арена» спорт кешенінде Хабиб Нурмагомедовтің Eagle Fighting Champiomship промоушені EFC 37 турнирін өткізеді.