Футбол • 18 Маусым, 2021

Нидерланды құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С тобындағы Нидерланды мен Австрия топтық кезеңнің екінші туры аясында «Амстердам-Аренада» кездесіп, алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нидерланды құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Екінші турға қос ұжым да жақсы көңіл-күймен келді. Алғашқы кездесуде Нидерланды Украинаны 3:2 есебімен жеңсе, Австрия Солтүстік Македониядан 3:1 есебімен басым түскен болатын. Осы тұрғыдан алғанда Австрия гол саны жағынан да, ұпай тұрғысынан да Нидерландымен терезесі тең тұрды. Ал шынайы ойын жағдайында әрине, бәрі басқаша өрбіді.

Франк де Бур ойыншылары төреші ысқырық шалысымен гол соғуға әрекеттеніп бақты. 11 минутта Мемфис Депай пенальиден есеп ашты. Бұдан соң Нидерланды құрамасының шабуылы біраз саябырсып қалды. 40 минутта Депайдың есепті еселейтін мүмкіндігі болған, бірақ тамаша позициядан допты биік тепті.

67 минутта Нидерланды футболшылары жылдам қарымта шабуылға шығып, қарсылас қақпасына лап қойды. Дониэлл Мален дер кезінде Дензел Дюмфриске пас асырып, соңғысы бос қақпаға голды еш қиындықсыз салды. Бұл есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ. Осылайша, Нидерланды құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Соңғы турда 21 маусым күні Солтүстік Македония мен Нидерланды кездессе, Украина мен Австрия 3 ұпайға таласатын болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15