Әлем • 18 Маусым, 2021

Әскери базаға аю шабуыл жасады

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапониядағы Окадам әскери базасына аю шабуыл жасап, төрт адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери базаға аю шабуыл жасады

Оқиға Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында болған. Жыртқыш әскери база аумағына кіріп, қызметкерлердің біріне шабуыл жасаған. Кейін аю әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағында жүрген, біраз уақыттан кейін қоршаудан өтіп, нысан аумағынан шығып кеткен.

Бұған дейін аю екі қарт адамға шабуыл жасаған. Салдарынан 70 және 80 жастағы қарт ерлі-зайыпты, сондай-ақ 40 жастағы ер адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Жапонияда аюлар қалалық метро бойында және коммерциялық нысандар салынған қалалық аудандарда жүреді. Сондықтан Саппоро қаласының билігі аудан тұрғындарын үйден шықпауға шақырған.

Аюды ұстау мүмкін болмағандықтан, қоғамдық қауіпсіздік үшін атылған.