Әлем • 18 Маусым, 2021

Байден құлдықты жою күнін федералды мерекеге айналдырды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден елдегі құлдықты жою күнін федералды мереке деп тану туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байден құлдықты жою күнін федералды мерекеге айналдырды

Салтанатты мереке маусымның 19 күні атап өтіліп, ресми түрде демалыс болып жарияланды. Ақ үйдегі рәсімнің тікелей эфирін американдық телеарналар жүргізді.

«Бүгінгі күнді федералды мереке деп жариялаймыз. Біз демократтар мен республикашылдар ретінде Конгресте екі жақты қолдаумен осы күнді еске алу үшін бірге күш жұмсағанымызға өте қуаныштымын. Бұл барша американдықтардың өзара бірігу жолындағы бастауы деп үміттенемін», деді Байден.

Саясаткер «Ұлы халықтар өздерінің ең ауыр сәттерін елемейтінін» атап өтті.

Осы жылдың 19 маусымы сенбіге түсетіндіктен, АҚШ-тағы демалыс 18 маусымға ауыстырылды.

Жаңа мереке Ұлттық тәуелсіздік күні (National Independence Day) деп аталады. АҚШ-та 4 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күні де бар. Бұл 1776 жылы АҚШ-тың Ұлыбританиядан тәуелсіздік декларациясын қабылдаған күні.

Ботагөз АМАЛБЕК