Әкімнің мәліметінше, Атырауда 385 нысан «Ashyq» жобасына қосылды.
«Біздің облыс 26 мамырдан бері «сары аймаққа» енді. Қазір инфекциялық төсек-орынның жүктемесі 16 пайызды құрайды. Ем алып жатқан науқастардың саны – 337. Облыста 12 стационарда 2 098 науқасқа арналған инфекциялық төсек-орын жасақталған. Оның 81-і реанимациялық орын. Қосымша 750 резервтік төсек-орын дайындалды», деді Махамбет Досмұхамбетов.
Оның айтуына қарағанда, 1 ақпаннан бері өңірге 111 200 доза вакцина жеткізілді. Қазір облыста вакцина салатын 41 екпе бекеті ашылды.
«Бүгінде 69 304 адам вакцинаның I компонентін, 27 569 адам II компонентін салдырды. Өңірде қазіргі кезде 385 субъект «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен жұмыс істеуде», деді облыс әкімі.