Әлем • 18 Маусым, 2021

УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатқан ойыншылардан баспасөз конференциясында демеушілердің құтысына тиіспеуді талап етті және футболшыларды демеушілерге құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters сайтына сілтеме жасап.

УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

Сондай-ақ УЕФА өкілдері турнирге қатысушыларға демеушілік шаралар турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін ескертіп, демеушілерге құрметпен қарауға шақырды.

«Демеушілік турнир үшін де, Еуропа футболы үшін де маңызды», деді Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен.

Мартин Каллен ойыншыларға баспасөз конференциясындағы әрекеті үшін УЕФА тарапынан айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, жақында Португалия ұлттық құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду баспасөз конференциясында демеушілер ұсынған Coca-Cola сусынын үстелден алып тастап, оның орнына су ішуге шақырды. Арада бірер күн өткенде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Поль Погба демеушілер ұсынған Heineken сусынын (сыра) алып тастады.  

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25