Үкімет • 18 Маусым, 2021

Ермек Маржықпаев: Өңірде әлеуметтік маңыздағы тауарлардың жеткілікті қоры бар

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік маңыздағы тауарларға бағаны тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ермек Маржықпаев: Өңірде әлеуметтік маңыздағы тауарлардың жеткілікті қоры бар

«Әлеуметтік маңыздағы тауарларға бағаны тұрақтандыру аясында өңірдегі жергілікті тауар өндірушілерге 1,1 млрд теңгеге азық-түлік тауарларының 7 түрі бойынша займ берілді. Бағаны тұрақтандыру тетігін ары қарай іске асыру үшін биыл облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам бөлінді», деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, облыс орталығында «KOKSHE MARKET» әлеуметтік павильондар желісі кеңейіп келеді. Онда тұрақтандыру қорының тауарлары нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады.

«Өңірде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар. Күн сайын бұл бағытта мониторинг жүргізіліп келеді, сондай-ақ сауда үстемесіне қатысты субъектілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Ақмола облысының әкімі .