Қазақстан • 18 Маусым, 2021

«СҚ Фармацияның» экс-басшысы қаруды заңсыз сақтаған

31 рет көрсетілді

СҚ «Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қаруды заңсыз иемдену мен сақтау бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі сот отырысында осы мәселеге қатысты куәгерлер сөз алды. Мәлім болғандай Б.Шәріп 2006 жылы Шымкент қаласындағы қару-жарақ сататын дүкеннен травматикалық тапанша сатып алған.

Оқ-дәрі мен қару сататын мекеме өкілдерінің айтуынша, ол кезде травматикалық қару еркін саудаланатын. Содан кейін оның саудасы мен айналымына қатысты заң екі мәрте өзгерген. Осы ретте қорғаушы тарап судьядан ішкі істер министрлігінің өкілін шақырып, қосымша түсініктеме алуға рұқсат беруді сұрады.

Мәселенің мән-жайын тереңірек түсінуге қажет деп санаған судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Сондай-ақ, сотта белгілі болғандай тергеуге Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев пен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс дауысы

Тарих • Бүгін, 23:43

Суретші саясаткер

Өнер • Бүгін, 23:17

Төртеу түгел болса...

TOKYO2020 • Бүгін, 23:10

Ел Еленаға елеңдеп еді...

TOKYO2020 • Бүгін, 22:59

Ертеңін ойлаған екпе алады

Коронавирус • Бүгін, 16:53

Ұқсас жаңалықтар