Оқиға • 18 Маусым, 2021

Оралда автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, екі жүргізуші қаза тапты

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, екі жүргізуші қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 маусым күні шамамен сағат 15.03-те Бәйтерек ауданы Белес ауылы бағытындағы айналма жолда болды.

«Фольксваген Пассат» автокөлігі (жүргізушісі 1959 жылғы ер адам) мен мотоцикл соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды. Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап, мән-жайды анықтап жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше