Коронавирус • 18 Маусым, 2021

Жандарбек Бекшин «жасыл» аймаққа қатысты жаңа қаулыға қол қойды

1496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «жасыл» аймаққа қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жандарбек Бекшин «жасыл» аймаққа қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Жаңа құжатта бизнес нысандары екі блокқа бөлінген: Ashyq қосымшасына қатысатын және қатыспайтын нысандар.

Супермаркет, азық-түлік сатпайтын дүкендер, азық-түлік сататын және сатпайтын базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды.

Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Құжатқа сәйкес, тұрғындардың қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген обьектілерге барғанда, сондай-ақ ашық аспан астында көпшілік орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық аспан астында спортпен айналысқанды қоспағанда) маска тағуға, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдауға қатысты қойылатын талаптарын орындауын және оларға қызметіне рұқсат етілмеген нысандарға баруға тыйым салынады;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 15 адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат;

Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек.

Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.

Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді. Егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Қаулы 19 маусым күні күшіне енетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше