Қазақстан • 19 Маусым, 2021

Бақыт Сұлтанов: Киев қызығушылық танытса QazVac вакцинасын жеткізуге дайынбыз

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинада Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың жұмыс сапары аясында Қазақстан-Украин келіссөздері жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.

 

Бақыт Сұлтанов: Киев қызығушылық танытса QazVac вакцинасын жеткізуге дайынбыз

«Қазақстанның мүддесін алға тарта отырып, Украина үкіметінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткіздім. Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгаль мырзамен екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша пікір алмастық.

Қазір барлық елдердің алдында басты міндет тұр, ол коронавирусқа байланысты жарияланған карантин шектеулерінен кейінгі өзара қарым-қатынасты жалғастыру. Бұл міндетке қол жеткізудің басты жолы - халықты жаппай вакциналау.

Қазақстан covid-19 коронавирусына қарсы өз вакцинасын өндіретін санаулы елдердің бірі болып табылады. Адамның аденовирустық векторлары платформасында жасалған біздің QazVac вакцинасы 96% астам тиімділікке ие. Киев қызығушылық танытқан жағдайда біздің вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз», деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.