«Toyota Camry» көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Екі адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.