Оқиға • 19 Маусым, 2021

Белгісіз адамдар қазақстандық жаттықтырушыны соққыға жығып кетті

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әлімовті белгісіз біреулердің соққыға жыққан сәтінен видео тарады, деп жазады Egemen.kz.

Белгісіз адамдар қазақстандық жаттықтырушыны соққыға жығып кетті

Бейне бақылау камерасына көліктен бірнеше жігіттің түсіп, Арман Әлімовке шабуыл жасаған сәті түсіп қалған.

Prosports.kz тапа-тал түсте төрт жігіт жаттықтырушыны ұрып, ақ түсті Audi көлігіне салып алып кеткен. Оқиғаға куәгер болғандар еш көмектесе алмаған.

Арман Әлімов ауыр жағдайда Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген, алайда туысқандары Алматыдағы ауруханалардың біріне алып кеткен.