Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан командасы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Алайда, бұл кезеңде азулы Ресей құрамасынан 0:38 есебімен ойсырай жеңілді.
Ширек финалда Қазақстан командасы Тунисті 28:21 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, регбишілер Токио Олимпиадасына қатысу құқығына қол жеткізе алмады.
Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.
Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.