Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Жалған құжатпен абақтыға кірмек болған әйел ұсталды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы қатаң режимдегі колония қызметкерлері, жалған неке қию туралы куәлікпен ұзақ мерзімді кездесуге келген әйел адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған құжатпен абақтыға кірмек болған әйел ұсталды

Мекеме әкімшілігін алдау арқылы Қазақстан қалаларының бірінен жалған құжатпен «күйеуімен» ұзақ мерзімді кездесуге кіру үшін келген. Алайда мекеменің тәжірбиелі қызметкерлері бірден жалған құжатты анықтап, полиция қызметкерлерін шақырды.

Құжаттарды тексеру барысында қызметкерлер құжатқа қол қойған тұлғаның қолы жалған болғанын және құжаттардың берілген күні тіркеу жасалған нөмердің үшінші сандарымен сай келмейтіні анықталды.

«Келген адамның туыстық байланысты растайтын құжаттары үнемі мұқият тексеріледі. Сотталғанның кездесу картасында  әйел «жұбайы» деп көрсетілсе де, «ерлі зайыптылардың» ортақ балалары болмағаны үшін ұзақ мерзімді кездесу ұсыну үшін растайтын құжат міндетті болады. Сараптама нәтижелері дайын болғанша, әйел адам куәліктің жалған екенін мойындаған жоқ», дейді мекеме бастығының орынбасары Бауыржан Токтыбаев.

Семей қаласының Әуезов бөлімінің полиция қызметкерлерімен аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің «құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткізу» 385 бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Енді заң бұзушыға 2000 АЕК дейін көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығын шектеу қаупі бар.