Қазақстан • 21 Маусым, 2021

Мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер запасқа шығарылуда

30 рет көрсетілді

Қарулы Күштерде белгіленген мерзімдегі әскери қызметін атқарған әскери қызметшілерді запасқа жіберу өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл міндетті әскери борыштарын өтегендерді запасқа шығару 15 маусым мен 31 шілде аралығында өтеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық шараларға сәйкес шығарып салу салтанатты түрде өткізілмейді, алайда әскери дәстүрлі рәсімдер ұйымдастырылады. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер бөлімдердің жауынгерлік туымен қоштасып, алаңда салтанатты саппық шерумен жүріп өтеді.

Жөнелту кезінде әскери қызметшілер медициналық бетперделермен және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етіліп, әскери оқытылған резерв ретінде жергілікті басқару органдарына есепке алынатын болады.

2020 жылы әскерге шақыру науқанының пандемияға сәйкес кейінге шегерілуіне байланысты сарбаздарды шығарып салу маусым-шілде айларына ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

Аймақтар • Бүгін, 19:58

Туристке де тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 18:06

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Ұқсас жаңалықтар