Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Павлодарда полиция майоры күдікті қызды зорлаған

1474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда полиция майоры күдіктіні зорлаған болуы мүмкін деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда полиция майоры күдікті қызды зорлаған

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Аталған факт бойынша Павлодар облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120 «Зорлау» және 362 «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп түсіндірді Полиция департаменті.

Еске салсақ, павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы тергеу изоляторында «Мені полиция майоры зорлады» деген 22 жастағы қызды кездестіргенін айтқан. Бойжеткеннің сөзінше, оны 17 ақпанда ұстап, жеке тінту жүргізген, содан кейін полиция бөліміне әкеліп, түн ортасына дейін тергеу әрекеттерін жүргізген. Сосын оны пәтерге апарған, полицейлердің бірі «бәрінің шаршағанын, осында түнейтінін, таңертең полиция бөліміне бірге баратынын» айтыпты.

Құқық қорғаушы жеткізгендей, қыздың сөзінше, ол пәтерде Павлодар облысы Полиция департаментінің полиция майорын көрген. Ол күдікті қашып кетпеуі үшін күзету керек деген желеумен диванда қыздың жанына жатып алған, содан кейін зорлаған деседі.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43