Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Қасақана өрт қойған: Павлодарда өртенген тігін салонына қатысты тергеу басталды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық өрт сөндірушілер «Просто Мария» тігін салонын әдейі өртеді деген болжам жасаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасақана өрт қойған: Павлодарда өртенген тігін салонына қатысты тергеу басталды

Еске салайық, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Генерал Дүйсенов көшесі, 123 мекенжайы бойынша өрт туралы хабар 20 маусым күні сағат 00:38-де түскенін мәлімдеді. Департамент апаттың алдын ала себебі – әдейі өртеу деп болжам жасады.

Аталған оқиғаға қатысты Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров пікір білдірді.

- Белгісіз біреу тігін салонының ғимаратына қасақана өрт қойған. Ғимаратта шатырдың ағаш құрылымы және ішінара ағаш қабырға жанған. Келтірілген шығын анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-тармағы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Жасқайрат Қайыров.