Елорда • 22 Маусым, 2021

Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 40 пайызға артты

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға артып кетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші  40 пайызға артты

«Қазақстанда 22 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 410 523 науқас және 56 546 КВИ жағдайы тіркелді. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта тұр.

Соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауру өсімі 4 пайызға артқаны байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейінгі аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайлар санының 40 пайызға артуымен байланысты», деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, ауруханалардағы инфекцияның төсек-орындардың жүктемесі 25 және жансақтау бөлімдерінде 21 пайызды құрап отыр.

«Ауру көрсеткіші жоғары болған 7 өңірде инфекциялық та, реанимациялық та төсек-орындар жүктемесінің төмендеуі байқалады», деді министр.