Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Атырауда тегін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері 48 дерт бойынша тегін берілетін 280 түрлі дәрі-дәрмекті қайтадан бақылауға алып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда тегін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

Осыған орай жобалық кеңсе денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін аурухана, емхана ғимараттарының бірінші қабатына ілу, ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялау үшін бір типтік үлгідегі ақпараттандыру қағазын ұсынды.

«Алайда, 15 маусымға дейін тұрғындарды ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтегі ашықтық сайттар арқылы, кейбір емдеу мекемелеріне барып, басқарманың ұсынған мәліметтерге сүйеніп жасалған мониторингтен байқалды. Мәселен, Махамбет, Индер аудандарында жасалып жатқан жұмыстың көрсеткіші төмен. Құрманғазы, Мақат аудандарының емдеу мекемелері ақпаратты өз парақшаларына жариялағанымен, сурет немесе тұрғындарға ыңғайлы ақпараттандыру инфографикасы салынбаған. Ал, Атырау қалалық №3 емханада бұрынғы тізім жаңартылмай тұр. Еркінқала амбулаториялық емханасының үш сайтында да тегін дәрі-дәрмектер жайында ақпарат салынбаған. Қызылқоға ауданының медициналық мекемелері ақпаратты тек өз сайтына салған, ал, әлеуметтік желілерге жарияламаған. Көптеген емханада тек сайттар мен әлеуметтік желілерге  ақпараттандыру жүргізілгенімен, ғимараттың бірінші  қабатына ілінбеген», деп хабарлады жобалық кеңседен.