Аймақтар • 22 Маусым, 2021

Талдықорғандағы тергеу изоляторына жаңа қызмет түрі енгізілді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жаңа қызмет түрі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғандағы тергеу изоляторына жаңа қызмет түрі енгізілді

Мекемеде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандар енді азық-түлік және алғашқы қажет заттарды жеткізуге бағытталған арнайы электронды дүкен Convex қызметін пайдала алады.

Электронды дүкенде 400-ге жуық түзету мекемесінде ұсталатын азаматтарға пайдалануға рұқсат берілген тауар түрлері бар.

Олар азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, канцеляриялық жабдықтар, киімдер. Тапсырыс беру үшін, Convex жүйесінде тіркелу қажет. Жеткізу қызметі жұмыс күндері күнделікті жүргізіледі және мекеменің арнайы тінту тобымен мекеме аймағына тиым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалау мақсатында сәлемдеменің иесі қатысумен тексеріледі.

Сонымен қатар мекеме аумағында орналасқан Convex электронды дүкенінде айыпталушы мен сотталғандар өз бетімен қалаған тауарына тапсырыс беруі үшін оның жеке шотына ақшалай төлемдер аударуға болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Туризм табысы еселенді

Туризм • Бүгін, 09:55

Жаңа бастама жемқорлықтың алдын ала ма?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40

Адам құқы бала құқынан басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:35