«Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды. Биыл құны 8,4 млрд теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», деді спикер.
Бүгінде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңында 14 ауылдың тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді. Сол кезде халықты газбен қамту көрсеткіші 92,6%-ға жетеді.