20 маусымда Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» телефонына Қапал батыр көшесінде орналасқан көпірден ер адамның секіруге оқталып тұрғандығы жайында хабарлама түскен.
Оқиға орнына жіберілген Патрульдік полиция полкінің инспекторы Нұржан Садхан сол жерге жеткен кезде ер адамның көпір жақтауына шығып секіруге оқталғанын байқады. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.