Экология • 22 Маусым, 2021

Шалқар көлінің мәселесі шешілді

1000 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Шалқар көлінің мәселесі шешілді

Бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғындары шаһардағы жағымсыз иіс бойынша жиі шағымданған болатын.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің айтуынша, Шалқар көлінің мәселесі шешімін тапты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы жергілікті бюджет есебінен жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Биылдан бастап үкімет тарапынан 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. 

«Қазіргі кезде көлдің табанын тазарту, оның су айдынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2 жылға жоспарланған. Бірақ мердігермен барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтап, көктемде су тасығанда біраз су жинап аламыз деген үмітіміз бар», деді аймақ басшысы.  

Сонымен қатар әкім өңірдегі экологиялық мәселелерге тоқталды.  Оның айтуынша, 2007 жылы салынған ауданы 60 га жерде орналасқан қалдықтарды сақтайтын полигон 25 жылға есептелген болатын. 

«Қаланың қарқынды өсуінен ол қазірдің өзінде толып тұр. Сондай-ақ, жекешелендіру процестеріне байланысты бұрынғы коммуналдық мекемелер жойылды. Бүгінде мыңдаған қоқысты жинайтын құралдар алынып, техника әкелінуде, полигонды тазарту жұмыстары 1 қазанда аяқталады деп жоспарлануда. Оған дейін тасымалдау және қоқыс жинайтын мекемелерінің жұмысын жүйеге келтіру көзделген. Жыл аяғына дейін бұл мәселе шешіледі», деді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, жағымсыз иістің шығуын химиялық қосындылар мен бактериялардың күшімен азайту шаралары қабылдануда.