Оқиға • 22 Маусым, 2021

СҚО-да жол апатынан бір көлік аударылып қалды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында жол талғамайтын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты, жүргізушілері дін аман, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да жол апатынан бір көлік аударылып қалды

Әлеуметтік желіде Бескөл ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады.

Автокөліктер жанар-жағармай стансасының жанында соқтығысып, салдарынан «ВАЗ» көлігі аударылған. Оқиғаға қатысты СҚО Полиция департаменті патрульді полиция батальоны түсінік берді. Бүгін сағат 12.15 шамасында «Жезқазған-Петропавл» жолының 953-шақырымында «Toyota Prado» және «ВАЗ-2114» автокөліктері соқтығысқан.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Екі жүргізуші де алкогольдік ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысты материал жинап жатыр.

Кейін іс Қызылжар аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім шығару үшін беріледі.