Негізі бұл жарыс әдетте шілде айында өткізілетін. Алайда биыл шілде айының соңында Токио Олимпиадасының жалауы желбірейтін болғандықтан, ұйымдастырушылар осы жылғы доданы маусымның соңына шегеруге мәжбүр болды. Себебі «Тур де Франсқа» қатысатын бірқатар велошабандоз Олимпия ойындарында өз елдерінің намысын қорғайды.
Велоспортшылардың бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур де Франстың» былтырғы бәсекесінде словакиялық Тадей Погачарға тең келер ешкім табылмады. Ал «Астана» өкілі Мигель Анхель Лопес жарысты алтыншы орынмен түйіндеген еді. Сондай-ақ Лопес 17-ші таулы кезеңде жарыс жеңімпазы атанған болатын.
Биылғы додаға Astana-Premier Tech клубынан Дмитрий Груздев, Алексей Луценко (Қазақстан), Алекс Аранбуру, Йон Исагирре, Омар Фрейле (Испания), Стефан Де Бод (БАӘ), Якоб Фульсанг (Дания) және Уго Ухль (Канада) секілді велошабандоздар қатысады.