Спорт • 23 Маусым, 2021

Бейруттан олжалы оралды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Ливан астанасы Бейрутта ұйымдас­тырылған Beirut Open G2 халықаралық жарысына қатысып, елге 2 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен оралды.

Бейруттан олжалы оралды

Халықаралық додада өз өнерімен жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Самирхон Абубакиров (54 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) алтыннан алқа тағынып, жарыс жеңімпазы атанды. Өкінішке қарай, финалдық сайыста қарсыластарына есе жіберген Бауыржан Хасенов (+87 кг), Жансель Дениз (73 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг) және Әділет Базарбаев (63 кг) құрама қоржынын төрт күміспен толықтырды. Ал Самат Темірхан (54 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг) пен Смайыл Дүйсебай (87 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.