Спорт • 23 Маусым, 2021

Әлем кубогында бақ сынайды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қатардың бас шаһары Дохада спорттық гимнастикадан лицен­зиялық Әлем кубогы кезеңі басталады. Олимпия ойындарына соңғы лицензиялық турнирде қазақстандық спортшылар да сынға түседі.

Әлем кубогында бақ сынайды

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл бәсекеге Қазақстан құрамасын Токио Олимпиадасына жолдама алған Милад Карими бастап барады. Ол көпсайыс бойынша жүлдеге таласады. Нариман Құрбанов гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын алу үшін барын салмақ. Ал Ілияс Азизов еркін жаттығудан бақ сынайды.

Айта кетейік, жуырда ғана Хорватияда өткен Әлем кубогында Милад Карими бір алтын, бір күміс, бір қола иеленсе, Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанған болатын.