Ауа райы • 23 Маусым, 2021

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.