Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Алматыда тіркелген «Дельта» штамының белгілері қандай?

1107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың жаңа «үнді» штамы тіркелгені туралы хабарлады. Оның айтуынша, ресейлік пен қазақстандық вакциналар атауы белгілі мутацияланған алты штамнан қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тіркелген «Дельта» штамының белгілері қандай?

Ж.Бекшин Алматыда коронавирусты екінші рет қайта жұқтырған 32 жағдайдың тіркелгенін айтты. Сондықтан қауіпті инфекцияны, әсіресе оның штамдарын жұқтырмас үшін коронавирусқа қарсы вакцина қажет.

Жаңа штамдар туралы айта отырып, Ж. Бекшин «Дельтаның» белгісі суық тиюге ұқсас деді.

«Бұл штамды көбінесе жастар жұқтырады. Басты симптомы – бас ауруы, тұмау, ангина, жоғары температура. Әдетте иіс сезу жоғалмайды және жөтел болмайды», деді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ «Дельта» іш ауруын, құсу, тыныс жолының тарылуын шақырады.

Жандарбек Бекшин тек вакцина ғана індетті жұүқтырмауға, өлім-жітімді  болдырмауға әрі өлімді азайтуға септігін тигізеді. Бүгінде Алматыда 386 222 адам вакциналанды. Өткен тәулікте КВИ-дан 5 840 адам екпе алды.  60 жастан жоғары екпе алған адам саны 49 314 адамды құрайды.

Бас санитарлық дәрігер жастар қорғаныс шараларына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға барулары керек деді.

 

 

АЛМАТЫ