Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Полицейді өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында полицейді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген аудандық прокурор мен оның орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлады Egemen.kz.

Полицейді өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды

Қоғамда қызу талқыға түскен бұл іс облыстық прокуратурадан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жіберілген еді.

Оқиға тура бір ай бұрын Павлодар облысының Железинка ауданында болған. Аға тергеуші прокуратура ғимаратының дәлізінде табельдік қарудан өзінің оң жақ иығына оқ атқан. Бұған полиция қызметкерінің жұмысын бақылаушы органның қатаң сынға алуы себеп болған. Суицид жасауға әрекет еткен полицей аман қалды. Ал прокурорлардың жұмыс орнында спирттік ішімдік ішкені туралы дерек расталмаған. 

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.