«Конституцияға сәйкес, Сенаттың квотасы аясында Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады.
Осыған байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне осыдан бес жыл бұрын тағайындалған Нұрлан Амангелдіұлы Нұржановты жаңа конституциялық мерзімге тағайындауды ұсынамын», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Н. Нұржанов жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор.
Қаржылық бақылау мен мемлекеттік аудит жөніндегі халықаралық сертификатқа ие. Осы уақытқа дейін Есеп комитетінің мүшесі қызметінде болған.