Коронавирус • 24 Маусым, 2021

КВИ мен пневмониядан сегіз адам көз жұмды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясынан жеті адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан бір пациент көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

КВИ мен пневмониядан сегіз адам көз жұмды

Өлім жағдайы Алматы қаласында (4), Атырау  (1), ШҚО (1), Қызылорда облыстарында (2) тіркелген.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан барлығы 4 268 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 432 адам қайтыс болды.

24 маусымдағы жағдай бойынша қазір 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (–20 828 + және 1270 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 588 пациент стационарда, 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

408 адамның жағдайы ауыр,

95 пациенттің жағдайы өте ауыр,

72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.