Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленді.
«Бүгінгі таңда әлемдік практикада қашықтан жұмыс істеу белсенді даму үстінде, сондай-ақ жұмыскердің аралас жұмыс істеу режимінде жұмыс істеуді үйлестіруінің құқықтық мүмкіндігі кеңінен таралған. Коронавирустың таралуына дейін жүргізілген халықаралық зерттеулерге сүйенсек, 2020 жылдың басында әлемдік компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істеді, ал 40%-ы аралас жұмыс режимін қолданды. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы, қызметкерлердің орта есеппен 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне алып келді», деді Сенат депутаты Нариман Төреғалиев заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде.
Оның айтуынша, елімізде қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі, пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсетті.
Аталған мәселелер қолданыстағы Еңбек кодексінің 138-бабымен ғана реттелді, ол өз кезегінде бүгінгі қашықтан жұмыс істеу проблемаларын толыққанды шешуге мүмкіндік бермеді. Анықталған олқылықтарды ескере отырып депутаттар бірқатар ұсыныс жасады.
«Атап айтқанда қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлердің тап болған өткір мәселелерінің бірі – коммуникация құралдарымен, компьютерлермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету болатын. Осыған байланысты заң жобасында көзделген нормаға сәйкес, төтенше жағдайды енгізу, жариялау және шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Егер жұмыскер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді», деп түсіндірді сенатор.
Келесі тағы бір норма, тараптардың келісуі бойынша қашықтан және қашықтан аралас жұмыс істеу ұғымдарын енгізу туралы. Аралас жұмыс істеу жұмыс кезеңдерін жұмыс беруші орналасқан жерде де, одан тыс жерде де кезектестіруге мүмкіндік береді.
«Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында еңбек шартында жұмыс уақытының тіркелген есебін белгілеу жөніндегі норма көзделді, осы уақыт ішінде жұмыскер жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақыты шегінде жұмыс берушімен байланыста болу үшін қолжетімділік режимінде болуға тиіс. Бұл ретте, еңбек шарты тараптарының келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.
Сонымен бірге, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Жұмыс берушінің, жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілді», деді Нариман Төреғалиев.
Оның пайымынша, заң жобасының қабылдануымен қашықтан жұмыс істеуді нақты регламенттеу және еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетін болады.
Елордалық филармония көрермендерге 100-ден астам концерт ұсынады
Елорда • Бүгін, 21:22
«Халық қатысатын бюджет»: әкімдіктер өтініштерді қабылдай бастады
Елорда • Бүгін, 20:50
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Бүгін, 20:22
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:08
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Бүгін, 19:42
ҚазҰУ мен Лондон университеттері арасында меморандумға қол қойылды
Қоғам • Бүгін, 19:07
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады
Білім • Бүгін, 18:50
Өткен жылы бензин мен дизельдің рекордтық мөлшері өндірілді
Саясат • Бүгін, 18:37
Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтады
Шахмат • Бүгін, 18:27
Ермек Көшербаев Ресейдің жетекші ЖОО басшыларымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 18:06
Қазақстан мен Әзербайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 17:54
Қазақстанда түсік жасататындар саны азайған
Қоғам • Бүгін, 17:46
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан • Бүгін, 17:33
«Balapan» телеарнасының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:27
Түркістан облысында 25 жыл бұрын хабарсыз кеткен шетелдік табылды
Оқиға • Бүгін, 17:23
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 17:17
Елімізде «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады
Заң • Бүгін, 16:56
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:51
Қаржы • Бүгін, 16:27
Қарағанды әуежайына 81 млн теңге айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 16:00
«ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан • Бүгін, 15:18
Мемлекет басшысы SCAT әуе компаниясының президентін қабылдады
Президент • Бүгін, 15:07
Жетісу облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 15:00
Ел аумағына аса ірі көлемде есірткі кіргізудің жолы кесілді
Қылмыс • Бүгін, 14:48
Үкіметте агроөнеркәсіпті дамытудың жобасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 14:35
Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі 300 мыңға жуық жер тәркіленді
Саясат • Бүгін, 14:16
Алдағы үш күнде әлі де аяз сақталады
Ауа райы • Бүгін, 13:53
СҚО тұрғынынан 200 литрден астам контрафактілік алкоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 13:35
Қазақстанда радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады
Ғылым • Бүгін, 13:10
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
«ҚазМұнайГазда» кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 12:53
Жетісу облысында жарнама үшін негізсіз салық есептелген
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Таразда жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қандай жұмыс істей алады?
Қоғам • Бүгін, 12:32
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:24
СҚО-дағы әкімдік бизнес үшін жасанды әкімшілік кедергілер құрған
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Алматыда әйелін өлтірген адам суицид жасады
Оқиға • Бүгін, 12:10
Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ақтөбеде ер адамнан 15 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:31
Ұқсас жаңалықтар