Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн $ құрады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету - басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн $ құрады

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.

в

«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 12,8 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық»  деді қала басшысы.